Центр дополнительного образования "Руханият"
Официальный интернет-ресурс

АТАДАН МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН

Бұқар жырау атындағы жыр-терме сыныбының ашылуының 10 жылдығына орай “Мәулеген Бәйтерек” акциясы өткізілді. Акция аясында “Руханият” қосымша білім беру орталығының ауласында орналасқан “Домбыра”  конструкциясының маңында шақырылған құрметті қонақтар мыңжылдық шырша талдарын екті. Бұл сауапты іске қазақтың біртуар азаматы Алмас Алматов, Сәбит Қонтаев, Ерқанат Ермек, Мүгілсім Шибаева, Бауыржан Ермұхамбетов, Мақсат Ақанов,  Тілеген Әділов, Дидар Қами облыстық және аудандық  білім басқармасының өкілдері ат салысты.

Қазақтың сөз өнерінің көрнекті өкілдері мен жанашырларының қолымен егілген бұл жас талдар ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа аманат болып келе жатқан жыр өнері сияқты мәуелеген бәйтерек болары сөзсіз.