Қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған “Руханият” қосымша білім беру орталығының
Бұқар жырау атындағы жыр- терме сыныбының 10 жылдығына орай «Жыр-өлеңнің ұясынан-дүр өнердің қиясына» атты әдеби –сазды кеш өткізлді. Ауқымды шара 4 бөлімнен тұрды. Жыр кешінің қадірлі қонақтары аудан әкімі Ерлан Құсайын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Алмас Алматов, облыстық білім басқармасы бастығының кеңесшісі, әдіскер Сәбит Қонтаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Ерқанат Ермек, ауданымыздың құрметті азаматы Мүгілсім Шибаева, “Алтын домбыра” иегері Мақсат Ақанов, осы сыныптың түлектері орта толтырып, қуанышымызға ортақтасты.
Қонақтарды сыныптың жетекшісі, айтыстың ақтаңгері Дидар Қами қарсы алып, шәкірттеріне жыр дәнегін себетін кабинетімен таныстырды. 10 жыл бұрын осы кабинеттін шымылдығын ашқан Алмас Алматов естеліктерімен бөлісіп, шәкірттерге ақ батасын берді.
Сондай, ақ, Орталықтағы салт- дәстүрлер сыныбы, дәстүрлі ән сыныбы, аспаптық бөлім оқушыларымен сұхбаттасып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.





